Балқаш тұрғындары сенбілікке шығып, 300 текше метрге жуық қоқыс жинады

Балқаш тұрғындары сенбілікке шығып, 300 текше метрге жуық қоқыс жинады

Балқашта өткен демалыс күндері ұйымдастырылған сенбіліктен кейін полигонға 300 текше метрге жуық қоқыс шығарылды.

Қаланы тазалауға 1500-ге жуық адам қатысты.

Сенбілікке әкім бастаған қалалық әкімдік қызметкерлері, Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің өкілдері, жастар, еріктілер, қоғам белсенділері, мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың ұжымдары қатысты. Қаланы тазартуға қалалық мәслихат та өз үлесін қосты.

Барлығы 16 қалалық учаске, оның ішінде жағалау, Жезқазған көшесі, Алматы – Екатеринбург республикалық жолы тазартылды. Тазалауға арнайы техника жұмылдырылды.

Келесі қалалық сенбілік 22 сәуірде өтеді.

Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша