Теміртау мұражайы зияткерлік-ойын-сауық ойынына қатысуға шақырады

Теміртау мұражайы зияткерлік-ойын-сауық ойынына қатысуға шақырады

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы барлық ниет білдірушілерді "Даңқты істер дәуірі" интеллектуалды-ойын-сауық квизына қатысуға шақырады. Іс-шара Қазақстандық Магнитканың 65 жылдығына орайластырылған.

Ойын миын жаттықтырғысы келетіндерге, логикалық ойлауы жетік және Теміртау тарихымен аз да болса таныс адамдарға қызықты болары сөзсіз.

"Зияткерлік командалық квиз металлургтер қаласы құрылысының кезеңдерінен, Қазақстандық Магниткадан бастап, өткен ғасырдың ортасында Теміртау тұрғындары қандай әндер тыңдап, қандай билерді орындағанына дейін - бәрін білуге көмектеседі. Қатысушылар нағыз жәдігерлерді қолымен ұстап көруге мүмкіндік алады", – деді мұражайда.

Іс-шара мұғалімдерге үлкен қолдау болады: оларға мұражай қабырғасында теориялық және практикалық тарихтың симбиозы ұсынылады. Әсіресе, 50–60 жылдардағы Қазақстан тарихымен байланысты тақырыптарды зерделеу кезінде.

"Қала тарихы" залында квиз өткізу үшін арнайы тақырыптық кеңістік рәсімделеді. Бұл ойыншыларға сол жылдардағы атмосфераға шомуға мүмкіндік береді.

Командалар (әрқайсысы 2–5 адамнан) бес раундтан өтіп, 30 сұраққа жауап беруі тиіс, кідірістерде көңілді және танымдық демалыс болады деп күтілуде.

Квиздің жеңімпаз командасы жүлдеге ие болады.

Бірінші ойын 17 сәуірде өтеді. Шайқасқа еріктілер командалары шығады.

Ойынға келесі телефондар арқылы жазылуға болады: (8-7213) 93-19-05, +7-747-185-58-02 (WhatsApp).