Қазақстанда "Цифрлық нотариат" мемлекеттік қызметі іске қосылды. Ол нотариалды куәландырылған сенімхаттардың барлық түрлерін ресімдеу рәсімін онлайн-форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.
Қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасының Enotary бөлімінде қол жетімді.
Сенімхатты рәсімдеу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- "Қызметтер" бөлімінде Enotary қызметін таңдаңыз;
- деректерді толтыру және "Қызметке онлайн тапсырыс беру";
- қысқа кодты немесе биометрия бойынша қызметке қол қою;
- нотариуспен бейне қоңырау шалуға рұқсат беру;
- "Бейне қоңырауға өту" түймесін басып, нотариустан жауап күтіңіз.
Бейне қоңырау аяқталғаннан кейін пайдаланушы өтінімнің қай сатыда өңделіп жатқанын "Нотариаттық әрекеттер" бөлімінен көре алады.
EGov Mobile мобильді қосымшасының "Сандық құжаттар" бөліміндегі QR кодын сканерлеу арқылы бейнекамераның көмегімен ресми куәландырылған сенімхаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.
Қалыптасқан сенімхат "Цифрлық құжаттар" сервисінде қолжетімді болады, оны талап ету орны бойынша ұсынуға болады.
Болашақта екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында онлайн-сенімхатты ресімдеуге мүмкіндік беру жоспарлануда.
– "Цифрлық нотариат" жобасын енгізу сенімхат алу процесін цифрландыруға, сондай-ақ азаматтардың орналасқан жеріне қарамастан, оның ішінде шетелде жүрген азаматтар үшін рәсімді жеңілдетуге және ыңғайлылықты арттыруға мүмкіндік береді. EGov Mobile-ға кіріп, нотариусқа бейне қоңырау шалу жеткілікті болады. Тиісті тексеру биометриялық сәйкестендіру және ЭЦҚ-ға қол қою арқылы жүзеге асырылады, – деп атап өтті цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.
2022 жылы қазақстандықтар eGov Mobile арқылы 18 миллионнан астам қызмет алды. Оның ішінде әсіресе сандық құжаттар танымал болды, олар өткен жылы 7,5 миллионнан астам рет қолданылды.
Фото ortcom.kz сайтынан алынды