"Террикон алқабы" IT-hub-та 17 және 18 сәуірде "Классикалық және сандық маркетинг негіздері" тегін тренинг-практикумы өтеді. Оқыту бастаушы маркетологтарға, "маркетинг" бағытында білім алып жатқан студенттерге және осы салада мансап бастағысы келетін мамандарға пайдалы.
Екі күндік тренингті астаналық спикер – "Upside Agency" ЖК маркетолог-стратег Ырысгүл Жұмажанова өткізеді. Сарапшы түрлі салаларда, соның ішінде "Назарбаев Университеті" ДББҰ, "Самұрық-Қазына" Корпоративтік университеті" ЖМ, "Қазпошта" АҚ және басқа да салаларда 20-дан астам жобаны іске асыруға қатысқан.
Курста тыңдаушылар келесі бағыттарда білім алады:
- маркетингтің мәні және компаниядағы маркетологтың міндеттері;
- нарықты талдау және маркетингтік зерттеулер;
- мақсатты аудиторияны анықтау және сегменттеу;
- позициялау стратегиялары мен кезеңдері;
- тауардың өмірлік циклі;
- баға саясаты;
- тауарларды/қызметтерді жылжыту және тарату;
- digital-маркетинг негіздері;
- интернет-маркетинг құралдары және интернет-маркетологтың міндеттері;
- интернетте және әлеуметтік желілерде тауарларды/қызметтерді жылжыту стратегиясы.
Алынған білім мен дағдыларды пысықтауға көмектесетін практикалық жаттығулар да беріледі.
Курстың соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Тіркеу terricon.kz сайтында өтеді.
Тренингтің басталуы сағат 11:00-де.
"Террикон алқабы" IT-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.