
Қарағанды тұрғыны рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісіне 20 жүк көлігіне сыятын құрылыс қалдықтарын тастаған.

Бұл дерек облыстық экология департаменті мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп жүргізген ЖЭО-1 ауданындағы рейд кезінде анықталды. Заң бұзушы оқиға орнында ұсталды, оған айыппұл салынады.

Қазіргі уақытта құқық бұзушылықтың мән-жайы анықталуда. Нәтижелер туралы экология департаментінің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабында ("Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу") жеке тұлғаларға 50 АЕК (172 500 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.), лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК (345 мың тг.).

Егер сіз заңсыз қоқыс шығарудың куәсі болсаңыз, экология департаментіне (8-7212) 41-09-66 телефоны арқылы хабарлауыңызға болады.
Қарағанды облысы экология департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша