Қарағандыда Қазақстандағы ашаршылық туралы тарихи драма ұсынылды

Қарағандыда Қазақстандағы ашаршылық туралы тарихи драма ұсынылды

Қарағандыда Қазақстандағы ашаршылық туралы "Ақ боз үй" тарихи драмасы таныстырылды. Бұл атақты қазақстандық жазушы Смағұл Елубайдың аттас романының бейімделуі.

Кинокартина өткен ғасырдың 30-жылдарында қазақ ауылының тұрғындарының үлесіне түскен сынақтар туралы нақты оқиғаны баяндайды.

"Сарыжайлау" кинотеатрында фильмнің режиссері Бегарс Елубаевпен және актерлер Қайрат Кемаловпен және Айдар Асарбаймен кездесу өтті.

– Сценарий Смағұл Елубайдың "Ақ боз үй" аттас романы бойынша жазылған. Біз бір ауылдың тарихын алдық. Смағұл Елубай – менің әкем. Ол бізге түсірілімде көп көмектесті, кей жерлерде кеңес беріп отырды. Фильм негізінен Маңғыстау облысында және ішінара Алматыда түсірілген. Оны түсіруге бір жыл уақыт кетті, – деді Бегарс Елубаев.

Сюжет бойынша Пахраддина ауылы малдарын тартып алған биліктің озбырлығынан қашып, оңтүстікке қоныс аударды және Түркіменстанның құм даласында қиындыққа тап болды.

Ру басшысы – Би Пахраддин – адамдарды құтқару үшін қарақалпақтың Күнград қаласына оралу туралы шешім қабылдайды. Адамдар киіз үйлерін құмға қалдырып, белгісіз тағдыр күтіп тұрған қалаға жаяу барады. Пахраддин мен оның әйелі Сырға балаларға нанның соңғы тілімін таратып, оларды қалаға жібереді, ал өздері құм далада аштықтан өледі.

Фильмде басты рөлді С. Сейфуллин атындағы Қарағанды қаздрамтеатрының актері Қайрат Кемалов сомдады.

– Түсірілім оңай болған жоқ. Шамамен 60 градус ыстықта өтті. Камералардың артында бес литрлік бөтелкелері бар жігіттер тұрды, әр бес минут сайын олар бізге су шашып жүрді. Біз үнемі су ішіп отырық. Сол кезде мен ойладым: біз сусыз бес минутқа шыдай алмаймыз ал сол заманда адамдар қандай сезімде болды екен... Біз, актерлер, мұның бәрін жеткізуіміз керек еді: психологиялық және физикалық жағдай, қасіретті. Ол қаншалықты қолымыздан келген-келмегенін көрермендер бағалайды, – дейді Қайрат Кемалов.

Фильмде сомдаған бейнесі үшін Қайрат Кемалов Түркі әлемінің "Қорқыт Ата" халықаралық кинофестивалінде "Үздік ер адам рөлі" номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Қарағандыда фильмнің тұсаукесерінде оған осы марапат табыс етілді.

Дайын фильмді көргенде актердің өзі не сезді деген сұраққа Қайрат Кемалов былай деп жауап берді:

– Мен Астанада тұсаукесерде дайын картинаны көрдім. Фильмнің соңына дейін көз жасымды тыя алмадым. Өзімнің актерлік жұмысыма емес, оқиға желісі ауыр болғандықтан. Роман авторы Смағұл Елубайдың айтуынша, біз бұл фильмді ақша табу үшін немесе басқа мақсаттар үшін түсірген жоқпыз, бұл картина аштықтан қаза тапқан қазақтарға құрмет.

"Ақ боз үй" тарихи драмасы 12 сәуірге дейін "Сарыжайлау" кинотеатрында өтеді. Егер сұраныс болса, фильм көрсетілімі ұзартылады.