Қарағандыда өткен параүстел теннистен республикалық турнирде 50 спортшы өнер көрсетеді

Қарағандыда өткен параүстел теннистен республикалық турнирде 50 спортшы өнер көрсетеді

Қарағандыда үстел теннисі бойынша ТҚАЗ (тірек-қимыл аппаратының зақымдануы) бар спортшылар арасында жыл сайынғы ашық республикалық турнир өтеді.

"Жастар" спорт кешенінде Қазақстанның 10 облысынан 50 теннисші өзара бақ сынасады.

Қарағанды өңірінің командасын 15 спортшы ұсынады, олардың ішінде төрт спорт шебері, Қазақстан және Азия чемпиондары бар.

Қатысушыларды мүгедектер спорты бойынша облыстық мамандандырылған мектептің жоғары санатты жаттықтырушысы Дархан Тілемісов дайындады.

– Турнир 11-ші рет өтуде. Бұрын ол тек арбаға таңылған спортшыларға арналған еді. Екінші жыл қатарынан параспортшылардың барлық санаттары қатысады. Бүгінгі таңда ең мықтылар өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасының барлық мүшелері, халықаралық ойындарға қатысушылар келді. Жақсы тәжірибе алмасу, шеберлікті арттыруға мүмкіндік болады және, әрине, қарым-қатынас орнайды. Жылдан жылға біздің міндетіміз – осы турнирдің деңгейін көтеру, – дейді Дархан Тілемісов.

Қазақстанның үш дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Артем Вайман турнирге бірінші рет қатысып отырған жоқ. 23 жастағы қарағандылық жеңістің басты құпиясы – көп еңбек ету және өз күшіңе сену деп санайды.

– Мен 2009 жылдан бері ойнаймын. ТҚАЗ мектеп-интернатында оқыдым. Алдымда таңдау болды – жүзу немесе теннис. Жүзуге бейімделе алмадым, алайда тенниске бірден жақты төселдім. 2015 жылдан бастап серпіліс болды, жүлделі орындарға ие бола бастадым. Қазір мен әрқашан жеңіске ұмтыламын, өзіме жоғары мақсат қоямын. Бірақ бұл үшін көп жұмыс істеу керек. Мен ойнаған кезде бәрін ұмытып, жай ғана ләззат аламын, – деп бөлісті Артем.

Дипломдар, медальдар мен кубоктардан басқа, алғашқы үш орынды иеленген спортшылар ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Бұл турнир рейтингтік болып табылады. Жеңімпаздардан Қарағанды облысының командасы құрылады, ол биыл Ақтөбедегі Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындарында өнер көрсетеді.

Турнирді ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және "Жан Дос" мүгедектер қоғамдық бірлестігі.