
Қарағандылық жас музыканттар Астанадағы EURASIA PIANO FORUM түрлі мамандықтар меңгеріп жатқан оқушылар мен студенттерге арналған Vlll Халықаралық фортепиано даярлығы байқауының лауреаттары атанды.

Шығармашылық жарыстарда мамандандырылған мектептердің 200-ге жуық тәрбиеленушілері мен Қазақстан және Қытай колледждерінің студенттері өз шеберліктерін көрсетті.

Қазылар алқасының құрамына Қазақстан және Әзірбайжан өнер қайраткерлері – Баян Мұқышева, Зуфар Арзаев, Нармина Гулиева, Елена Шин және Любовь Глинка кірді.

Қарағанды мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатынан конкурсқа 16 адам қатысты, олардың тоғызы лауреат атанды, қалғандары дипломдармен марапатталды.

МММИ 6-сынып оқушысы, бірінші дәрежелі лауреат Данил Хабибрахманов қазылар алқасының мүшелерінен және қазақстандық композитордың пьесасын үздік орындағаны үшін арнайы сыйлықтар алды.

– Мен 12 жастамын. Бес жасымнан музыкамен айналысамын. Астанада өткен байқауда "Кішкентай венгр рапсодиясы" және "Кощей Патшалығы туралы ертегі" атты екі композиция ойнадым. Және бірінші орынды иелендім. Менің 4-тен 6-сыныпқа дейінгі тобымда 40-қа жуық қатысушы болды. Мен фортепиано оқытушысы Айжан Болташевна Бейспековаға алғысымды білдіремін. Музыка қазірдің өзінде менің өмірімнің ажырамас бөлігі болып табылады, бұл бағытты одан әрі дамытуды жоспарлап отырмын, – деп бөлісті 6-сынып оқушысы Данил Хабибрахманов.
Қазылар алқасының арнайы сыйлығымен Карима Мақсұт пен Даяна Гайстен де марапатталды.

Байқау Қазақ ұлттық өнер университетінің базасында өтті. Биыл университеттің құрылғанына 25 жыл толады.
