Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өтініштер негізінен ТКШ, әлеуметтік қамсыздандыру және кәсіпкерлік салаларына қатысты болды.
Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, басқарма басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.
Нұра ауданы Көбетей ауылының тұрғыны Алтынбек Өмірзақов ауыз судың сапасына, электрмен жабдықтаудың жиі үзілуіне және жайылымдық жерлердің тапшылығына шағымданды. Ол сондай-ақ балабақша салу және жергілікті фельдшерлік-акушерлік пунктке медицина қызметкерін тарту қажеттігі туралы айтты.
– Өткен жылы "Оңтүстік – Солтүстік" бағдарламасы бойынша Қызылорда облысынан Нұра ауданына көшіп келдім. Көбетей ауылында мал шаруашылығымен айналысқым келді. Бірақ біздің ауылдың айналасында жайылымдық жерлер жоқ. Бізге келер жолдың бойында жер ұзақ уақыт бойы егін егу үшін пайдаланылды. Сумен проблемалар бар, – дейді Алтынбек Өмірзақов.
– Нұра ауданында 12 ауылда сумен қамту мәселесі осындай. Бұл мәселені шешу үшін біз ұңғымаларды тереңдетеміз. Жайылымдық жерлер мәселесін бақылауға алып, халықпен кездесу өткізіңіз, – деп тапсырды Нұра ауданының әкіміне Ермағанбет Бөлекпаев.
Кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі Сәуле Әбдірахманова үй маңындағы дүкен иелерінің мәселелеріне тоқталды. Олар жеке тұлға ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысады, бірақ заңды тұлғалардың тарифтері бойынша коммуналдық қызметтерді төлеуге мәжбүр. Олар сондай-ақ бөлшек салықты бір пайызға дейін төмендетуді сұрайды.
– Қазір үй маңындағы дүкендер күндерін әрең көруде. Жыл сайын жағдай нашарлап барады. Тарифтер өсуде, – дейді Сәуле Әбдірахманова. – Біз дүкендерге айналдырылған қарапайым пәтерлерде электр энергиясы үшін 150–170 мың теңге төлеуге мәжбүрміз. Оған қосп жылыту да, су да бар. Біздің тарифтер көп пәтерлі үйлердің тұрғындарына қарағанда он есе көп. Біз үшін осы тарифтерді төмендетуді сұраймыз.
– Қазір біз басқа механизмді әзірлеп жатырмыз. Бірыңғай орташа тариф болады. Пилоттық режимде ол Алматы мен БҚО-ға енгізілді. Ол бізден 2024 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Бөлшек салық бойынша пайыз аз – 4 және 2 %. Мәслихаттар тыңдаулар өткізеді және жаңа құжат бекітіледі.
Әлихан Бөкейхан ауданының жергілікті өзін-өзі басқару мүшелері де аймақ басшысына жүгінді.
Олар Майқұдықтағы № 95 мектептің жанында футбол алаңын салу туралы ұсыныс айтты. Қала әкімі Мейрам Кожухов болашақ футбол алаңының аумағы белгіленгенін хабарлады.
Сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау кезінде Ермағанбет Бөлекпаев азаматтардың мемлекеттік қордан тұрғын үй бөлу туралы өтініштерін қарады. Кезекте тұрғандарға пәтер бөлу тетігі және жеңілдікті ипотекалық бағдарламалар арқылы тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі түсіндірілді.