Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы шығармашыл адамдарға ынтымақтастық құруды ұсынады

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы шығармашыл адамдарға ынтымақтастық құруды ұсынады

Жыл сайын 18 мамырда Халықаралық мұражайлар күні атап өтіледі. Осы күнге орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы 17 мамырда "Мұражайдағы түн" акциясын ұйымдастырады. Және шығармашылық адамдарды ынтымақтастық құруға шақырады.

– Біз суретшілерді, актерлерді, музыканттарды және басқаларды ынтымақтастыққа шақырамыз. Биыл 35 жылдық мерейтойымызға орай біз актерлер мен музыканттар өздерін көрсетуге, өз таланттарын паш етуге мүмкіндік беретін ауқымды шара ұйымдастырғымыз келеді. Атап айтқанда, суретшілер өнердің стилі мен заманауи үрдістерін ашатын өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік алады, сондай-ақ біздің базада шеберлік сабақтарын өткізуді ұсынамыз, – дейді мұражай директоры Бибігүл Құдабаева.

"Мұражайдағы түн" акциясына қатысуға өтінімдер 14 сәуірге дейін қабылданады. Оларды WhatsApp +7-771-285-85-43 немесе электрондық поштаға жіберу керек: izo.karaganda@mail.ru.

Өтініште аты-жөні және қызмет түрі (актер, музыкант, суретші, ерікті және т. б.) көрсетілуі керек.

8–12 мамыр аралығында жұмыстар қабылданады, ал 12 мамырда іріктеу өтеді.

Анықтама телефондары: 475-475, +7-771-285-85-43 (Елена Сергеевна).