Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы қазіргі уақытта еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін 18 бен 35 жас аралығындағы жастарды мобилография, SMM және веб-дизайн бойынша тегін оқудан өтуге шақырады.
– Оқыту "Дұрыс таңдау жаса" жобасы аясында ұйымдастырылды. Неліктен бұл мамандықтар? Біз сауалнама жүргіздік, бұл жастарды оқытудың басым бағыттары екенін көрсетті, – дейді Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Якуб Джамалов.
Сабақтар 24 сәуірден 2 маусымға дейін жалғасады. Оқытуды SMM-маман, бренд визуализаторы, контент МАКЕR, сарапшылардың тәлімгері және продюсері Тойжан Тауданбекова, білікті оператор, мобилограф, видеограф, жаттықтырушы Амангелді Мадияр және SMM-маман, таргетолог, интернет-маркетолог Насіпгүл Аманжолова жүргізеді.
Оқу аяқталғаннан кейін сертификаттар беріледі.
Ұйымдастырушылар – Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы және Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы.
Толық ақпаратты 8-705-300-32-03 (Қаржасова Жібек Жарқынқызы) телефоны арқылы білуге болады.