Қарағандыда жеке топтамалардан жиналған минералдар мен асыл тастар көрмесі ұсынылады

Қарағандыда жеке топтамалардан жиналған минералдар мен асыл тастар көрмесі ұсынылады

Қарағандыда Геологтар күніне орай "Аширит" тас әуесқойлары клубы көрме дайындады. Келушілер жеке коллекциялардан минералдар мен асыл тастардың бірегей экспонаттарын көре алады.

Көрменің ашылуы 30 наурыз күні сағат 15.00-де Экомұражайда (каскад алаңындағы "Центрказнедра" ғимараты, Бұқар Жырау даңғылы, 47) өтеді.

"Биыл "Аширит" Орталық Қазақстан өлкетану-туристік клубы мерейтойын атап өтуде. Қоғамдық бірлестікке 35 жыл толады. Экспозицияда Қазақстанның сиқырлы жер қойнауының құпия әлеміне ғашық геологтар, өлкетанушылар, зергерлер, суретшілер мен қарапайым қала тұрғындарының коллекциялары ұсынылады", – деп атап өтті көрмені ұйымдастырушылар.

Қазақстанда Геологтар күні сәуірдің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Биылғы жылы кәсіби мереке 2 сәуірге түсті.