Қарағанды облысының өзендерінде жарылыс жұмыстары басталды

Қарағанды облысының өзендерінде жарылыс жұмыстары басталды

Қарағанды облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. 22 наурыздан бастап жарылыс жұмыстары мен өзендердегі мұзды қопсыту басталды. Бұқар Жырау ауданы мен Теміртау қаласында жеті учаске қамтылған.

Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан су ағызылады – шығыны 8–15 текше метр/сек.

Облыста су өткізгіш құбырлар мен көпірлерді тазарту жұмыстары аяқталды. Елді мекендерде қар шығару, каналдар мен арықтарды тазарту жалғасуда.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, наурыздың үшінші онкүндігінің соңында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде. Тұрғындардан үйлерінің аулаларындағы қарды тазалауды сұрайды.

ТЖ туындау қаупі пайда болғанда келесі телефон нөмірлері арқылы хабарлау қажет: 112, (8-7212) 43-36-36, 43-37-37.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша