Наұрыз мейрамында Қарағанды облысы бойынша мерекелік шаралар өтеді

Наұрыз мейрамында Қарағанды облысы бойынша мерекелік шаралар өтеді

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар 21 және 22 наурызда өтеді. Тұрғындар үшін концерттер мен театрландырылған қойылымдар, спорттық жарыстар, көрмелер дайындалды. Облыс бойынша 300-ден астам киіз үй орнатылады.

21 наурыз

Қарағанды

Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаң, 12:00

«Наурыз думан» мерекелік іс-шарасы. Арқан тарту, гір көтеру және қой көтеру ұлттық ойындары, МҮ шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы.

Балқаш

М. Хамзин атындағы МҮ алдындағы басты сахна, 15:00

Көшпелі өркениет фестивалі.

18:00

Ұлттық жастар ойындары.

М. Хамзин атындағы МҮ алдындағы «Жастар» алаңы, 20: 00

Би кеші.

Саран

«Сұңқар» стадионының алдындағы алаң, 12:00

Мерекелік бағдарламада: облыс пен қаланың шығармашылық ұжымдарының концерті, ересектер мен балаларға арналған спорт қалашығы, көшпелі хайуанаттар бағы.

Приозерск

Негізгі көрініс, 10: 00

«Қош келдің, әз Наурыз» театрландырылған қойылымы, спорттық жарыстар: бокс, қазақ күресі, ұлттық ойындар: қозы көтеру, қой көтеру, жілік бөлу.

Шағын сахна, 11:20

Спорттық жарыстар: асық ату, ләңгі, гір көтеру, пауэрлифтинг.

19:00–22:00

Жарыс жеңімпаздарын марапаттау.

21:00–22:00

Би кеші.

Әр түрлі алаңдарда күні бойы шығармашылық байқаулар өтеді.

Абай ауданы

Абай қаласы, аудандық мәдениет үйінің алаңы, 11:00

«Жаңару мен Жаңғыру мерекесі Наурыз» театрландырылған-хореографиялық қойылымы. Көрме-сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі, спорттық жарыстар, тәттілер.

Қарқаралы ауданы 10:00

Қарқаралы қаласы, МҮ алдындағы алаң

Қол күресі, тоғызқұмалақ бойынша аудандық жарыстар, балаларға арналған «Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын» ұлттық спорттық ойындары: асық ату, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тарту, садақ ату, күрес және т. б.

Нұра ауданы

Нұра кенті, Орталық стадион, 11:00

Мерекелік театрландырылған қойылым.

Осакаров ауданы

Осакаровка кенті, ДЭУ алаңында, 19:00

«Күн мен түннің теңелуі» театрландырылған қойылымы және «Төрлет, Наурыз – жыл басы!» мерекелік концерті. Мерекелік отшашу.


22 наурыз

Қарағанды

Орталық мәдениет және демалыс саябағы, 11: 00

«Дәстүрлер» сәндік-қолданбалы өнер көрмесі.

Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Каскад алаңы, 12:00

«Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік концерттік бағдарламасы.

Қазақ күресінен, асық атудан, қой көтеруден, сондай-ақ гір спорты мен гір көтеруден спорттық жарыстар.

Қазақ күресі бойынша жарыс саябақтың орталық алаңының стационарлық сахнасында өтеді. Жүлде қоры – миллион теңге. Бірінші орын – 500 мың, екінші орын – 300 және үшінші орын – 200 мың теңге.

Ниет білдірушілер аңшы иттер мен аңшы құстармен суретке түсе алады.

Кеншілер мәдениеті сарайы, 16:00

Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған «Армысың, әз Наурыз» республикалық айтысы. Кіру тегін.

«Шалқыма» концерт залы, 16:00

Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар Академиялық оркестрінің «Наурыз – Думан» мерекелік концерті. Кіру тегін.

Теміржолшылардың мәдениет сарайы, 12:00

«Наурыз мерекем, наурыз берекем!» мерекелік концерті

Жаңа Майқұдық Мәдениет үйі, 12:00

«Наурыз мерекем, наурыз берекем!» мерекелік концерті

Достық үйі, 12:00

«Наурыз мерекем, наурыз берекем!» мерекелік концерті

"Молодежный" мәдениет үйі, 12:00

«Наурыз мерекем, наурыз берекем!» мерекелік концерті

Балқаш

М. Хамзин атындағы МҮ жанындағы басты сахна, 12:00 - 20:00

«Наурыз. Қазақстан. Жаңару!» театрландырылған қойылым. Концерттер, байқаулар, көрмелер, фестивальдар, би кеші.

М. Хамзин атындағы МҮ жанындағы «Жастар» алаңы, 09:00 - 14:30

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі, мерекелік шеру, киіз үйлер байқауы, балалар мен оқушыларға арналған ойын-сауық бағдарламасы.

М. Хамзин атындағы МҮ жанындағы футбол алаңы, 13:00

Ұлттық спорт түрлері бойынша «Ұлы дала тарланы» байқауы.

«Қоңырат» ш/а саябағы, 11: 00

Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар және мерекелік концерт.

Теміртау

«Астана» алаңы, 12:00-ден 16:00-ге дейін

«Қош келдің, әз Наурыз!» театрландырылған шара. 10 экспозициялық киіз үйден құралған этноауыл. Арқан тарту, тоғызқұмалақ, гір тасын көтеру, асық ату ұлттық ойындардан жарыстар. Қазақша күрес (қатысушыларды Мәдениет сарайында тіркеу 11:00-ден 12:00-ге дейін). Жәрмеңке – қазақтың ұлттық тағамдарын сату.

Шахтинск

Орталық қала алаңы, 11:00

«Қош келдің, әз Наурыз!» театрландырылған хореографиялық қойылым. Мерекелік концерт, қолданбалы шығармашылық және ұлттық тағамдар көрмесі. Гір көтеру, арқан тарту, гір спорты, асық ату бойынша жарыстар.

«Тентек» дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 11:00

Қазақ күресінен «Шахтинск барысы – 2023» қалалық турнирі.

Ақтоғай ауданы

Ақтоғай ауылы, Орталық алаң, 10:30

«Армысың, әз Наурыз» мерекелік концерті.

11:00

Ұлттық фестиваль, спорттық жарыстар: қазақ күресі, гір көтеру, асық ату, арқан тарту, қой көтеру, тай жарысы.

Аудандық мәдениет үйі, 19:30

«Наурыз думан» концерті.

Осакаров ауданы

Осакаровка кенті, концерт алаңы, 11:00

«Әз, Наурыз – ұлыс мерекем» театрландырылған концерттік бағдарламасы.

Бұқар жырау ауданы

Ботақара кенті, 10:30

«Наурыз айы туғанда» мерекелік шеруі, театрландырылған қойылым, концерт, «Салтымен ата-бабаның, жанғырды жаңа заманым» байқауы.

11:00-ден 15:00-ге дейін

Балалардың мерекелік бағдарламасы, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, концерт.

Қарқаралы ауданы 10:00

Қарқаралы қаласы, МҮ алдындағы алаң

«Наурызым, бақытым, шаттығым» мерекелік театрландырылған қойылымы. Конкурстар мен ұлттық ойындар: арқан тарту, қол күресі, асық ату, қой көтеру және т. б.

Шет ауданы

Ақсу-Аюлы ауылы, мәдениет үйінің жанындағы алаң

«Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні» мерекелік концерті

Шортанбай Орталық көшесі

«Наурыз – береке бастауы» мерекелік іс-шарасы, жәрмеңкелер, спорттық жарыстар.