Қарағандыда қай жерлерге веложолдар мен велотұрақтар қажет – азаматтардан сауалнамаға қатысуды сұрайды

Қарағандыда қай жерлерге веложолдар мен велотұрақтар қажет – азаматтардан сауалнамаға қатысуды сұрайды

Қарағандылықтар қаланың велоконцепциясын әзірлеуге қатыса алады. "ЭкоМұражай" қоғамдық ұйымы "Қарағандыда веложолдар мен велопарктер қай жерлерге қажет?" сауалнамасын жариялайды. Ұсыныстар 31 наурызға дейін мына сілтеме бойынша жіберілуі керек: https://forms.gle/5dwvSkULVzwnTGpF9.

"Сіздердің ұсыныстарыңыз "Климат өзгеруде – оған қатысым бар" бастамасының сарапшыларына Қарағанды қаласының әкімдігі үшін велосипед инфрақұрылымын дамыту жоспарын әзірлеуге көмектеседі", – деп атап өтті Экомұражайда.

Бұл ауа сапасын жақсартуға көмектеседі, дейді сауалнама бастамашылары.

Велокөліктің танымалдығы жыл сайын артып келеді, қала бойынша ыңғайлы жүріп-тұру үшін жағдай жасау қажет.

Қоғамдық ұйымның мәліметінше, бүгінде Қарағандыда 20-ға жуық велотұрақ орнатылған, велосипед жөндеу пункттері бар, серуендеу веложолдары екі саябақта – орталық және жаңа Майқұдықта орналасқан.

Қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: +7-705-759-99- 09, (8-7212) 41-33-44 (Ирина Игнатович).

Электрондық мекен-жайы: ecomuseum@ecomuseum.kz.