Қарағандылық жас зерттеушілер республикалық байқауда екі алтын және бес қола медаль жеңіп алды

Қарағандылық жас зерттеушілер республикалық байқауда екі алтын және бес қола медаль жеңіп алды

Қарағанды облысының оқушылары Щучинск қаласында өткен "Зерде" Республикалық жас зерттеушілер байқауында екі алтын және бес қола медаль жеңіп алды. Біздің өңірді облыстық кезеңнің 18 жеңімпаз оқушысы ұсынды.

Конкурсқа еліміздің 600-ге жуық оқушысы екі жас санатында қатысты (1–4 сыныптар және 5–7 сыныптар).

"Медицина, психология, экология" секциясында "Мектеп ауласында экоөнім өндіру" жобасымен I дәрежелі дипломмен Қарағандының № 1 "Білім-инновация" орта мектебінің 7-сынып оқушысы Тәңірберген Байдалы

және М. Жұмабаев атындағы Қарағанды гимназияның 4-сынып оқушысы Алдияр Отжағар "Робототехника" секциясында марапатталды.

– Бұл біздің гидравликалық робот жасаудағы төрт жылдық жұмысымыздың нәтижесі. Алдияр осындай байқауға алғаш рет қатысты. Ол екінші сыныпта әкесімен бірге қолданыстағы материалдардан робот жасады, содан кейін оны дөңгелектермен және қашықтан басқару пультімен толықтырды. Республикалық деңгейге шыққаннан кейін біз басқаруды смартфон арқылы жүзеге асыру туралы шешім қабылдадық, бұған мектебіміздің робототехника үйірмесінің басшысы көмектесті, – деді М.Жұмабаев атындағы гимназияның зерттеуші-мұғалімі Зухра Сайлыбаева.

Үшінші орынды: Бірінші Теміртау классикалық лицейінің 4-сынып оқушысы Станислав Коршиков "Информатика" секциясында, М. Жұмабаев атындағы (Қарағанды) мектеп-гимназиясының жетінші сынып оқушысы Сұлу Дулат "Ағылшын тілі" бөлімінде, Ғ. Мұстафин атындағы жалпы білім беретін мектептің (Теміртау) 6-сынып оқушылары Нұрдәулет Базарбеков пен Асима Құлымбаева "Математика" секциясында және Ғ. Мұстафин атындағы ОМ (Қарағанды) төртінші сынып оқушысы Сергей Михайлюков "Физика, ғарыш" санатында ие болды.

Байқауды ҚР Білім Министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.