Қарағандыда студенттер ежелден Наурызды тойлап келе жатқан халықтардың дәстүрлері мен тағамдарын таныстырды

Қарағандыда студенттер ежелден Наурызды тойлап келе жатқан халықтардың дәстүрлері мен тағамдарын таныстырды

А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Äz Nauryz байқауы өтті.

Студенттік командалар ежелден Наурызды тойлап келе жатқан халықтардың ұлттық дәстүрлерін, тағамдары мен костюмдерін ұсынды. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді.

Көрермендер мен қазылар алқасы ұсынылған тағамдардың алуан түрлілігіне таң қалды. Қонақтар бірден бірнеше елге барғандай болды.

Студенттер әр түрлі халықтардың дәстүрлерін көрсетті: қазақтар, түріктер, ұйғырлар, өзбектер, әзірбайжандар, тәжіктер, грузиндер, ауғандар және т. б.

Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, үздіктерді таңдау оңай болған жоқ: барлық сайыскерлер жоғары деңгейде болды.

Нәтижесінде № 3 жатақхананың студенттік кеңесінің командасы Гран-приді жеңіп алды.  Бірінші орынды инженерлік экономика және менеджмент факультетінің, екінші орынды Инновациялық технологиялар колледжінің өкілдері иеленді. Үшінші орын Инновациялық технологиялар факультетінің командасына бұйырды.

Барлық қатысушыларға демеушілердің сыйлық сертификаттары табысталды.

А. Сағынов атындағы ҚарТУ баспасөз қызметінің мәліметінше