Шелпек дайындаймыз: Нұрада тұратын Андриенко отбасы республикалық байқауда қазақ тіліндегі бейнеролик үшін марапатталды

Шелпек дайындаймыз: Нұрада тұратын Андриенко отбасы республикалық байқауда қазақ тіліндегі бейнеролик үшін марапатталды

Қарағанды облысының Нұра ауданында тұратын отбасы "Үздік аналар мектебі" номинациясының иегері атанды. Алты жасар Лиза Андриенко Нұра кентіндегі "Балбөбек" қазақ балабақшасына барады. Ол анасы және әжесімен бірге республикалық байқауға қатысты.

"Әжем, анам және мен" байқауына арналған бейнеролик импровизацияланған киіз үйде түсірілді. Олар дастарханда шелпектерге арналған қамыр илейді. Анасы қызына осы ұлттық тағам туралы айтады.

– Балабақшада бізге "Әжем, анам және мен" байқауына қатысу ұсынылды. Біз қуана келістік, бұл қызықты әрі пайдалы, өйткені жұмыс толығымен қазақ тілінде. Облыстық кезеңде жеңіске жетіп, республикалық финалға шықтық, – дейді Татьяна Андриенко. – Біздің отбасымыз Қазақстанда екі ғасырдан астам уақыт өмір сүріп келеді. XIX ғасырда менің арғы аталарым Украинадан келді. Менің атам - Нұра ауданы Ивановка ауылының негізін қалаушылардың бірі, қазір ол Кәрім Мыңбаев ауылы. Біз қазақ дәстүрлері мен тағамдарын зерттейміз, ұлттық тағамдар дайындағанды жақсы көреміз.

Оның айтуынша, сол қазақ балабақшасында үлкен қызы да тәрбиеленген.

– Бізге бәрі ұнады: тәрбиешілер де, баланың дамуы үшін жағдайлар да. Сондықтан, балабақшаға кіші баламызды да рәсімдеу уақыты келгенде, сұрақ туындамады – тек "Балбөбекке” барады деп шештік, – деп атап өтті Лизаның анасы.

Татьяна өзі мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейді.