Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады, ал бірінші тарауих намазы күн батқаннан кейін 22 наурызда оқылады. Пітір садақаның мөлшері 535 теңгеге тең. Бұл сома елдегі 2 келі ұнның орташа бағасына есептелген.
Бұл туралы Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғали Әнет баба атындағы мешітте өткен брифингте мәлім етті.
– Рамазан айы – игі істердің уақыты. Облыс мешіттерінде түрлі қайырымдылық акциялары өткізіледі. Біз "Тегін такси" акциясын қайта жандандырамыз. Мен жанашыр адамдарды бізге көмектесуге шақырғым келеді. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларға, студенттерге, жесірлерге және жетімдерге "Рамазан қоржыны", "Ауыз ашар себеті" ауызашарға себеттер таратуды жоспарлап отырмыз. Дәстүр бойынша мешіттеріміздің асханаларында үлкен ауызашарлар ұйымдастырамыз. Сондай-ақ әр жұмада "Қайырымды жұма", "Жомарт жұма" қайырымдылық акцияларын өткізетін боламыз. Сонымен қатар, балалар үйі мен қарттар үйіне барып, олар үшін ауызашарлар ұйымдастырамыз. Қасиетті айда әркім игі істер жасауға асығуы керек, – деп атап өтті Естай Әбдіғали.
Сондай-ақ, ай бойы облыс мешіттерінің имамдары әлеуметтік желілерде мен телеарналарда "Отыз күнге отыз сухбат" атты айдармен Рамазан туралы сұрақтарға жауап беретін болады.
– Рамазан айы – уағыз айту уақыты, сондықтан біздің имамдарымыз "Намаз оқып үйенейік", "Құран оқып үйенейік" дәрістерін оқитын болады, – дейді спикер.
Биыл Рамазанның ұзақтығы – 29 күн. Қасиетті Қадыр түні 17–18 сәуір аралығында болады. Ал 21 сәуір – Ораза Айт мерекесі.