Қазақстандықтар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының логотипін жасау конкурсына қатыса алады

Қазақстандықтар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының логотипін жасау конкурсына қатыса алады

"Samruk-Kazyna Construction" АҚ "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының үздік логотипіне ашық конкурс жариялады. Оған кез келген қазақстандық жас шектеусіз қатыса алады.

Онлайн-өтінімдер электрондық мекенжайға қабылданады: info@fnsk.kz. Қатысушылар жаңа буын мектебінің нұсқаларын 27 наурыздан кешіктірмей ұсынуы керек. Оларды кәсіби қазылар алқасы бағалайды.

Жеңімпаздарды жариялау және марапаттау 3 сәуірде өтеді. Үздік жұмыстар ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

1 орын – 700 000 теңге;

2 орын – 200 000 теңге;

3 орын – 100 000 теңге.

Конкурс туралы ереже және қатысушының сауалнамасының үлгісі сайтта орналастырылған: skcn.kz (беттің төменгі жағындағы файл).

Қарағанды облысының қалалары мен ауылдарында 2025 жылға дейін 18 жайлы мектеп салу жоспарланған. Биыл жаңа форматтағы 10 оқу орнының құрылысы басталуы тиіс.

skcn.kz