Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар үшін заң консультациялар жәрмеңкесі өткізіледі

Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар үшін заң консультациялар жәрмеңкесі өткізіледі

Қарағанды Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығында 10 наурыз сағат 15:00-де мүгедектігі бар адамдарға арналған заң мәселелері бойынша консультациялар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде төмендегі мамандардан кеңес алуға болады:

- сот орындаушылары;

- адвокаттар;

- заңгерлер;

- жылжымайтын мүлік жөніндегі кеңесшілер;

- Әділет департаментінің мамандары.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге қоңырау шалуға болады: +7-777- 540-44-94; (8-7212) 36-14-74.

TenQogamQaragandy