Қарағанды кеншілер мәдениет сарайының жанындағы "Жанна D-ART" бейнелеу өнері студиясы 7–10 жастағы балаларға арналған "Анама өз қолымен ашықхат" тегін сурет салу шеберлік сабағын өткізеді.
Сабақтың ұзақтығы – 2 сағат, барлық қажетті материалдар ұсынылады.
Жас суретшілерді 6 наурызда сағат 11.00-де күтеді.
Халықаралық әйелдер күніне арналған шеберлік сабағына 8-705-170-70-23 телефоны арқылы жазылуға болады.
"Балалардың қолымен жасалған және туыстары мен достарына сыйға тартылған ең қарапайым хаттар да қуаныш сыйлайды", – дейді ұйымдастырушылар.