Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мен "Шалқыма" халық би ансамблі 28 ақпанда "Есіл еркелері" би кешіне шақырады. Елордалық ұжымның қойылымы "Шалқыма" Қарағанды концерт залының сахнасында сағат 19:00-де өтеді.
Көрермендерге Құрманғазының күйіне қойылған "Айжан қыз", Нұрқиса Тілендиевтің күйіне қойылған "Ата толғау", Марат Бердіқұловтың "Сағым" шығармасына және басқа да хореографиялық жауһарларға арналған би композициялары ұсынылады. Қазақ билерімен бірге қырғыз, татар, ұйғыр және башқұрт билері көрсетіледі.
Концерт бағдарламасында ансамбльдің топтық нөмірлері ғана емес, жеке нөмірлері де бар. Сондай-ақ, көрермендер алдында Мәдениет үздігі, дәстүрлі әндерді орындаушы Данияр Мұқан өнер көрсетеді.
"Шалқыма" халық ансамблі 2007 жылы құрылған. Оның тұрақты көркемдік жетекшісі – Абдрасул Есекеев, "Құрмет" орденінің иегері, Мәдениет қайраткері.
Ұжым бірнеше рет Қазақстанның атынан халықаралық байқауларға қатысып, көптеген елдер бойынша гастрольдік турларға қатысты.
Билеттерді "Шалқыма" к/з кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30 және 8-777-076-70-59.