Биыл Қарағанды қаласының № 2 Оқушылар сарайында 15-тен астам тегін үйірме ашылды

Биыл Қарағанды қаласының № 2 Оқушылар сарайында 15-тен астам тегін үйірме ашылды

Қарағандының № 2 Оқушылар сарайында жыл басынан бері 15-тен астам жаңа үйірме ашылды.

Балалар бағдарламалаумен, квадракоптерлер мен роботтарды құрастырумен айналыса және қытай тілін үйрене алады.

– Біздің оқушылар сарайында балалар жеті бағыт бойынша құрылған үйірмелерде дайындалады. Ашылғаннан бері бізде барлығы 62 үйірме жұмыс істеді. Қазір олардың саны 78-ге жетті, – дейді көпшілік іс-шаралар бөлімінің меңгерушісі Әйгерім Баданова. – Бізде квадрокоптерлер мен роботтарды құрастыру және басқару, бағдарламалық жасақтама жасау, микроэлектроника, "Химия және өмір", би, вокал, кескіндеме, қолөнер, фитнеспен үш бағытта айналысуға және тілдерді, соның ішінде қытай және француз тілдерін үйренуге болады. Барлық үйірмелер тегін. Біз 5 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз.

Үйірмелерге e-daryn.kz электронды платформа арқылы жазылуға болады. Өтінім беру үшін ата-аналар сайтта тіркеліп, баланың туу туралы куәлігінің фотосуретін немесе сканерленген көшірмесін, сондай-ақ белгіленген нысан бойынша медициналық ұйымнан денсаулық жағдайы туралы анықтаманы жүктеуі қажет.

– Жақында жаңа үйірмелермен танысу үшін біз ашық есік күнін өткіздік. Оған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің 150 баласы келді, – дейді Әйгерім Баданова. – Олар үшін экскурсия, «Сколиоз және жалпақ табанның алдын алу», «Жас дизайнер», «Сахна тілі», «Көңілді Қытай», «Қолөнер және керамика», Fit-zone, үстел ойындары, «Не? Қайда? Қашан?», «Ступенька» вокалдық жаттығулары, «Эко-тәжірибе» алаңдары және т. б ұйымдастырылды. Біз балаларды сарайымызға шақырамыз.

Бүгінгі таңда №2 Оқушылар сарайында барлығы 3846-дан астам бала айналысады.

e-daryn.kz платформасы арқылы қазірдің өзінде 3892 ваучер берілді. Көп ата-аналар балаларын бірден бірнеше үйірмеге жазады.

Естеріңізге сала кетейік, № 2 Оқушылар сарайы 2021 жылдың қыркүйегінде ашылды.