
Қарағандыда сауда үйлерінің бірінде қолөнершілер жәрмеңкесі өтті. Оған хоббиін табыс көзіне айналдыра алған 20 шебер қатысты.

Түрлі өнімдер ұсынылды: киім, тоқыма, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық заттар.

Жәрмеңкені Қарағанды облысының қолөнершілер орталығы ALTYN ORNEK жеке кәсіпкерлерімен бірлесіп, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен ҚХА Аналар кеңесінің қолдауымен ұйымдастырды.

Сауда үйінің басшылығы сауда орындарын тегін берді.

Мұндай жәрмеңкелер тұрақты болады, деп хабарлады Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы.
