
Қарағандылық спортшы Данил Мұсабаев Бакуде өткен батут гимнастикасынан Әлем Кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды.

24 жастағы батутшы жеке жарыстарда бірінші орынды иеленді. Оның нәтижесі – 59,240 балл. Данил испандық Хорхе Мартиннен (58,530) және француз Алан Морантеден (58,270) озып кетті.
Екінші алтынды Мұсабаев синхронды секірулерде Пирмамад Әлиевпен жұпта жеңіп алды – 51,490 ұпай.

2022 жылы Данил Мұсабаев әлем кубогы кезеңдерінің балдары бойынша әлемдік рейтингті басқарған алғашқы Қазақстандық болды.

Спортшыны Сергей Вертянкин жаттықтырады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша