Зерттеуші-суретші Юлия Ляндаева: "Қарағанды – тағдыры шыңдалған қала"

Зерттеуші-суретші Юлия Ляндаева: "Қарағанды – тағдыры шыңдалған қала"

Оныншы ақпанда Қарағанды 89 жасқа толады. Оның тарихындағы қызықты фактілермен және қаланы түйсіну ойларымен әуесқой өлкетанушы, жергілікті экскурсия жүргізуші және суретші Юлия Ляндаева бөлісті.

Юлия жүрегінің қалауы бойынша гид болған. Туған жері Теміртау, ол 30 жылдан астам Қарағандыда тұрады. Өткен жылы ол қала бойынша экскурсиялар жүргізе бастады.

– Қарағанды – өте жас қала, бірақ оның тарихы қызықты, алуан түрлі. Бұл жерде көптеген керемет адамдар өмір сүрді. Көптеген әдемі тарихи ғимараттар сақталған. Адамдар бұл туралы білуі және мақтан тұтуы керек, – дейді Юлия.

– Әр қаланың өзіндік сипаты бар дейді. Ал Қарағандыда ол қандай?

– Мен Қарағанды – тағдыры шыңдалған қала деп айтар едім. Бұған тарих пен климат әсер етті. Қала өте қатал жағдайда салынған, адамдар тек оқиғаларды ғана емес, өздерін де жеңуге мәжбүр болды.

– Суретші ретінде қаланы сіз қандай түсте көретініңізбен бөлісіңізші?

– Қарағанды меніңше жылы сары түспен байланысты. Бұл Қарағандының алғашқы көшелерінің бірінде салынған үйлердің түсі. 

Қазір Ленин көшесі Абай деп өзгертілді, бірақ түсі мен атмосферасы өзгерген жоқ.

– Қарағандының қай бұрыштары сізге жақын?

– Абай, Алалыкин көшелері, Назарбаев даңғылы, оған іргелес Гоголь көшесі ең қымбат. Бұл көшелермен мен бірнеше жүріп өткенмін.

Қаладағы ең әдемі жер – Назарбаев даңғылы. Мұнда жасыл желектер көп, демалуға арналған орындықтар бар, жай ғана серуендеу үшін басқа не қажет. Отбасымен серуендеуге арналған тағы бір жайлы орын – "Мәңгілік алау" мемориалының маңындағы алаң. Ескерткіш қарағандылықтарды қызықтырады, алаңды өзгергені қандай жақсы болды, қазір ол жер ересектерге де, балаларға да қызықты.

– Қандай көрікті жерлерді атап өткіңіз келеді?

– Әрине, біздің қаламыздың ең көрнекті жері – Кеншілер мәдениет сарайы. Тарихи деректерге бай монументалды ғимарат.

Жамбыл көшесіндегі балалар музыка мектебі. Ол 1948 жылы салынған. Бұл Қарағандыдағы сабаққа барлық жағдай жасалған алғашқы музыкалық мектеп ғимараты болды.

Қазіргі уақытта жөндеуде қолданылатын заманауи материалдарға қарамастан, сол кездегі архитектуралық шешімдер сақталады.

Ғимараттың жағдайы жақсы, аймағы абаттандырылған – тіпті жай ғана маңайында серуендегеннің өзі жақсы әсер сыйлайды.

– Қарағанды туралы аз адамдар білетін қызықты фактілерді айта аласыз ба?

– Мен қазір Михайловкада тұрамын. Мен мұнда әр үйді, әр жолақты білетін сияқтымын. Өз аймағыма экскурсияға дайындалып жатқанда, мен өзім үшін бірнеше жаңалық аштым.

Бұл жерде 1939 жылы салынған екі қабатты екі үй сақталған екен. Мен олар туралы бір кездері естідім, бірақ ұмытып кеттім. Ғимараттар әлі де тұр, оларды бірден көре алмайсыз. Олардың бірінде қазақ драма театрының әртістері, Қарағанды радио комитетінің Қазақ хорының солисі, ҚазКСР Халық әртісі Қали Байжанов отбасымен бірге тұған.

Оның жанында өлкетану мұражайының алғашқы ғимараты болған. Қазір ол жоқ, бірақ жолақ көшенің Музейный деген атауы естелік ретінде қалып қойған.

– Жерлестеріңіздің қайсысын мақтан тұтасыз?

– Тарихты зерттегенде, адамдардың тағдыры туралы оқығанда, әркім үшін мақтаныш пайда болады. Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіров алғашқылардың бірі болып ойға келеді. Яғни, ерекше батыл әрекетке барған адамдар бірден еске түседі. Юрий Лобода, оның атымен Қарағандыда көше аталған. Ол шахтадағы апат кезінде адамдарды құтқарып, ақыры өзі қайтыс болды. Қиын жағдайда біздің қаланы – үйлер, зауыттар, фабрикаларды алғашқылардың бірі болып салған қарапайым адамдармен мақтанамын.

– Экскурсия кезінде қала тұрғындарын не қызықтырады?

– Біріншіден, адамдар белгілі бір ғимараттар қай жылы салынды, не сақталды, не өзгерді деп сұрайды. Әрине, олар Қарағандыда өмір сүрген адамдар туралы білгілері келеді. Бұл жағдайда ең көп қойылатын сұрақ: "Адамдар қалаға қалай келді?" Көбісі Қарағандыға Карлагтан кейін немесе күштеп жер аударылған жағдайда ғана қоныстанғанына сенімді. Бұл шындықпен жанаспайтын ой. Адамдар саналы түрде құрылыс немесе шахтада жұмыс істеуге, тың жерлерді игеруге келген.

– Сізге қалада қандай өзгерістер ұнайды және нені түзеткіңіз келеді?

– Бізде монументалды өнердің үлгілері – мозаика, рельефтер, ескерткіштер қалғаны қуантады. Бақытымызға орай, қазіргі уақытта ескерткіштер мен мүсіндер орнатылуда.

Жақында муралдар пайда болды, бұл да қуантады. Мен өнер нысандарының, гүлзарлар мен саябақтардың көбейгенін қалаймын. Қалада жасыл кеңістіктер жетіспейді, гүлзарлар жоқ. Менің жас кезімдегі жарқын естеліктерімнің бірі – Бейбітшілік бульварындағы гүлзарлар. 90-жылдардың басында ол жерге қызғалдақтар отырғызылатын. Олар гүлдеген кезде айналаның барлығы қызғалдақ теңізі секілді болатын. Қаламызға дәл сондай сұлулық жетіспейді.

– Қала күнін қалай атап өту керек деп ойлайсыз?

– Қала күнін мерекелеу кезінде әрбір тұрғын өзіне жаңа нәрсе үйренуі тиіс. Мұражайларда, көрме залдарында, кітапханаларда ашық дәрістер қажет. Қарағандыда ұзақ уақыт тұрып, оны құруға қатысқан қызықты адамдарды шақыру керек.