20 ақпаннан бастап бизнесті бастау үшін мемлекеттік гранттарға өтінімдер қабылдау басталады

20 ақпаннан бастап бизнесті бастау үшін мемлекеттік гранттарға өтінімдер қабылдау басталады

2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша 20 ақпаннан бастап бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға онлайн-өтінімдерді қабылдау басталады. Өтінімді Business.enbek.kz порталында беру қажет.

Айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшеріндегі мемлекеттік грант – бұл бастапқы капитал. Ол жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Әрбір қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Бірінші лекке Қарағанды облысының тұрғындары үшін 55 грант бөлінді.

Тіркелген жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі үш жылға дейін) грант алуға үміткер бола алады. Бұл жағдайда келесі әлеуметтік категориялардың біріне сілтеме жасау керек:

- көп балалы – көп балалылар ретінде жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы);

- қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;

- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші ретінде жәрдемақы алушылар

(жұбайы, зайыбы);

- аз қамтылғандар – атаулы әлеуметтік көмек алушылар және олардың отбасы мүшелері;

- асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

- кандас мәртебесі бар адамдар;

- мүгедектігі бар адамдар.

Үміткердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаты болуға және мәртебесін тексеру кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмауы тиіс (оңтүстіктен солтүстікке ерікті қоныс аударуға қатысушылардан басқа).

Өтінімдерді қабылдау 3 наурызға дейін жалғасады.

Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы