Қарағандылық құтқарушылар Түркияға көмекке ұшып кетті

Қарағандылық құтқарушылар Түркияға көмекке ұшып кетті

Түркияға жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесу үшін қарағандылық құтқарушылар аттанды. Апат аймағына олар басқа өңірлерден келген әріптестерімен бірге Астанадан ұшып кетті.

"Қарағанды командасының құрамында 15 адам – ТЖД құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық құрам, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының дәрігері мен фельдшері бар. Команда 14 тәулікке автономды жұмысты ескере отырып, авариялық-құтқару құралымен, медициналық мүлікпен, байланыс және тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен жасақталған", – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.