Қала күніне орай Қарағанды бейнелеу өнері мұражайы "Қарағанды: қала тарихы картиналарда" сабақтарын өткізеді. Мұражай қызметкерлері екі тілде (қазақ және орыс) оқушылар мен студенттерге суретшілердің жұмыстарына сүйене отырып, кеншілер астанасының тарихы туралы әңгімелейді.
– Осы сабақтарда біз балаларды "Қарағанды: өткені мен қазіргісі" атты шағын көрмемен, қала тарихымен таныстырамыз, облыс орталығында бейнелеу өнерінің дамуы туралы айтып береміз. Көрмеде 1940 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі суретшілердің жұмыстары қойылған. Олардың көпшілігі қалаға, оның әр тұрғынның жанына жақын әрі қымбат орындарға, Сарыарқа табиғатына арналған, – дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Қайрат Біләлов.
Мұражай сабағының соңында қала тарихын білуге арналған викторина өткізіледі. Жеңімпаздар мұражайға тегін билет алады.
– Мұндай сабақтар қажет: балалар туған қаласының тарихын біледі, мәдени нысандар туралы ақпарат алады, суретшілердің жұмыстарымен танысады. Менің ойымша, мұндай сабақтарға келіп, телефонда отыра бергеннен гөрі, біліміңізді толықтырған дұрыс. Маған КМС бейнеленген сурет ерекше ұнады, мұнда ашық түстер пайдаланылған, – деп өз әсерімен Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 ОМ 8-сынып оқушысы Аянат Берікханова бөлісті.
– Мен бейнелеу өнері мұражайына алғаш рет келдім, маған қатты ұнады. Басқа мұражайларға да барғым келеді. Сабақта туған қалам, мәдени нысандар, соның ішінде Сәкен Сейфуллин атындағы театр туралы көп білдім. Енді театрға да барғым келеді, – дейді Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 ОМ 8-сынып оқушысы Нұртілек Нығмет.
Музей сабағының құны – 150 теңге. Ұзақтығы – 40–45 минут. Мұражай сабағына мектеп, колледж, ЖОО студенттері келе алады.
Сабақтар 12 ақпанға дейін жалғасады. Олар алдын ала жазылу бойынша өткізіледі. 47-91-85, 47-54-75 телефондары арқылы жазылауға болады.