«Мың күн тыныштық»: Қарағандыда суретші Изя Смирновтың жеке көрмесі ашылады

«Мың күн тыныштық»: Қарағандыда суретші Изя Смирновтың жеке көрмесі ашылады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 1 ақпанда суретші Изя Смирновтың «Мың күн тыныштық» атты жеке көрмесі ашылады. Қарағанды тумасы, көркем суретші туған қаласында алғаш рет туындыларын көпшілік назарына ұсынбақ.

Изя Смирнов сурет өнеріне кішкентайынан тартылған. Оның айтуынша, көркем өнерге деген махаббатты оның бойына В. Малышев атындағы Қарағанды қаласының балалар көркемөнер мектебіндегі өнер тарихы пәнінен сабақ берген ұстазы дарытқан.

Изя Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында театралды көркем сурет бағытында және Алматы мемлкеттік университетінде станоктік көркем сурет бойынша білім алған. Алматы мен Астана қалаларында өткен көрмелерге бірнеше мәрте қатысқан суретші.

​«Мың күн тыныштық» жобасында пейзаж, портрет, натюрморт және абстрактілі көркем сурет жанрларында орындалған 50 картина ұсынылады. Изя Смирнов көптеген эксперименттер жүргізіп, деректі реализм, экспрессионизм, постмодернизм, абстракция және кубизм стильдерінде жұмыс істейді.

​Вернисаждың басталуы 16:00.

Экспозиция 12 ақпанға дейін жалғасады.