Қарағандыда балалар арасындағы облыстық патриоттық ән байқауына қатысу үшін өтінімдер қабылданады

Қарағандыда балалар арасындағы облыстық патриоттық ән байқауына қатысу үшін өтінімдер қабылданады

Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында 1 наурызда "Туған еліме мың алғыс" атты облыстық патриоттық ән байқауы өтеді. Іс-шара Қазақстан 2016 жылдан бері атап өтіп келе жатқан Алғыс айту күніне орайластырылған.

Ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы – жас таланттарға өздерін танытуға мүмкіндік бергісі келеді.

Байқау екі жас санатында өтеді – 9–12 жас және 13–17 жас. Әр мектептен екі қатысушы болуы мүмкін.

Бірінші турда байқауға қатысушылар Отан мен Туған жер туралы ән орындауы керек. Екінші турға өткендер жеке таңдауы бойынша композицияны орындайды.

Толтырылған өтінімдер 21 ақпанға дейін мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: dkg.to@mail.ru.

Қазылар алқасы вокалдық өнерді, орындаушылық шеберлікті және сахналық бейнені бағалайды.

Гран-при, бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері номинациялардың әрқайсысында дипломдармен марапатталады.

Өтініш формасы және барлық мәліметтер Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған конкурс қосымшасында: @dkg_krg.

Анықтама телефондары: (8-7212) 41-27-26, +7-708-294-15-36, +7-707-121-83-99.