Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі қарағандылықтарды концертке шақырады

Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі қарағандылықтарды концертке шақырады

10 ақпан күні сағат 18:30-да «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы Қарағанды академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің «Тағы да вальс...» атты концерті өтеді. Музыка сүйер қауым үшін қазақ вальсінің королі Ш. Қалдаяқов, М. Хамзин, П. Чайковский, И. Штраус, Д. Шостакович, Н. Богословский, Е. Шакеев және басқалардың шығармалары орындалады.

Оркестрмен бірге сахнада халықаралық байқаулардың лауреаты Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің вокалисті Рысты Рахымжан өнер көрсетеді.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.

Бас дирижер – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.