Тәттімбет атындағы Қарағанды қазақ халық аспаптар оркестрі концерт береді

Тәттімбет атындағы Қарағанды қазақ халық аспаптар оркестрі концерт береді

26 қаңтарда "Шалқыма" концерт залында Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар Академиялық оркестрінің концерті өтеді. Музыка әуесқойларын сағат 18:30-да күтеді.

Музыкалық кеште Тәттімбеттің «Сарыжайлау», Естайдың «Хұсни-Қорлан» секілді туындыдары, А. Бадалбейлидің «Бойжеткен мұнарасы» балетінен адажио, Г. Б. Цюдің «Тау басындағы күншығыс», А. Пьяццолланың «Қыс» («Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» циклінен) және басқа да шығармалар орындалады.

Солист – Мәдениет саласының үздігі, қобызшы Сәуле Рахымғалиева.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.

Бас дирижер – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.