Шахтинск тұрғындарының назарына!

Шахтинск тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Шахтинск қаласына барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу желтоқсан айының екінші жартысында Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 5-38-79 телефоны немесе электрондық пошта арқылы қалдыруға болады: shahtinsk_cancel@krg.gov.kz.