Қарағандылықтарды төрт аяқты достарымен қайырымдылық мерекесіне қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды төрт аяқты достарымен қайырымдылық мерекесіне қатысуға шақырады

"Джек-рассел-терьер" ит иелерінің клубы 11 желтоқсанда Dog Party қайырымдылық шарасында қарағандылықтарды күтеді. Мереке "Фата Моргана" кешенінің аумағында өтеді.

Мұнда қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жиналған қаражаттың бір бөлігі қалалық Жануарлар паналайтын мекемелерге беріледі.

"Біз ең жақсы жаңа жылдық костюмді таңдаймыз, мүмкін төрт аяқты достарымыздың арасынан Аяз атаны табамыз. Лотерея өтеді. Ондағы сыйлықтар үй жануарларын ғана емес, ит иелерін де қуантады. Қызықты эстафета болады, онда біз иттеріңіздің және сіздердің қабілеттеріңізді тексереміз", – деді ұйымдастырушылар жоспарлары жайлы тоқтала кете.

Мерекеге кинологтар мен хендлерлер шақырылады, олардан қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша кеңес алуға болады.

Dog Party-ге келу үшін үй жануарының болуы міндетті емес. Барлығына кіру тегін. Қатысудың басты шарты – жақсы көңіл-күйде болу.

Іс-шараның басталуы сағат 13:00-де.

"Фата Моргана" кешенінің мекен-жайы: Ержанов көшесі, 31/2.