Қарағанды өлкетану мұражайы дизайнерлік жобалар байқауын өткізеді

Қарағанды өлкетану мұражайы дизайнерлік жобалар байқауын өткізеді

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы дизайн жобаларының ашық конкурсын өткізеді. "Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының реэкспозициясына" барлық мүдделі заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде жобалау ұжымдары, сәулет шеберханалары мен бюролары, сондай-ақ мұражай қызметкерлері мен олардың жақын туыстарын қоспағанда, сәулетшілер, суретшілер, дизайнерлер және уақытша шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

"Байқаудың мақсаты – мұражай стандарттарына сәйкес келетін экспозициялық залдар мен мұражай фойесінің ең заманауи (мұражайлық ІТ-технологияларды пайдалана отырып) дизайнын анықтау. Жобалық ұсыныстар сәулет-көркемдік стильге ие болуы, заманауи техникалық жарақтандыруды және ақпараттық қамтамасыз етудің мұражайлық жүйесін көздеуі тиіс", – деді мұражайда.

Өтінімдер Қарағанды қ., Ерубаев к-сі, 38 мекенжайы бойынша, сондай-ақ электрондық пошта арқылы қабылданады: museumkz.@mail.ru. Қабылдау 22 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жұмысты мамандар бағалайды. Байқау жеңімпазы 10 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады.

Сұрақтармен келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: (8-7212) 56-58-89, 30-11-36, 8-701-779-82-12 (Ержан Нұрланұлы) және 8-702-283-03-34 (Гүлдана Жанарбекқызы).