Қарағанды облысында балаларға арналған инклюзивті спорт қолжетімдірек болады

Қарағанды облысында балаларға арналған инклюзивті спорт қолжетімдірек болады

Қарағанды облысында ерекше балаларға арналған спорт секцияларының санын көбейту және инклюзивті топтармен жұмыс істеу үшін жаттықтырушыларды оқыту жоспарлануда. Қазір өңірде мүмкіндігі шектеулі 1467 бала спорттың 17 түрімен айналысады.

Ерекше балаларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту – облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің қоғамдық кеңес отырысында айтқан басты міндеттерінің бірі.

Инклюзивті спорттың қолжетімді болуы үшін өңірде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу мақсатында фитнес-орталықтар мен бассейндерді жұмылдыру жоспарлануда және бюджет есебінен жаттықтырушыларды оқытпақшы.

– Ата-аналар оңалтуды емес, балаларды қарапайым балалармен айналысу үшін инклюзия болғанын сұрайды. Біз оларды арнайы тьюторлармен қамтамасыз етуіміз керек. Өткен жылы 10 жаттықтырушы дайындалды. Олардың санын көбейту керек, – деп атап өтті облыс басшысы. – Біз қазір Қарағандыда аутизм орталығын ашып жатырмыз, онда 40 баланы тіркедік. Теміртау мен Балқашта осындай орталықтар ашу жоспарда бар. Содан кейін барлық фитнес-орталықтар, бассейндер қамтылады, олар мұндай балаларды міндетті түрде алулары тиіс. Қазір оларда арнайы дайындалған жаттықтырушылар жоқ. Біз оларды бюджеттік қаражат есебінен оқытуға дайынбыз.

Облыста ерекше балалармен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарлама әзірленді. Қарағанды, Саран және Теміртауда аутизм спектрі бұзылған 90 бала 10 жаттықтырушымен жүзумен айналысады. Келесі жылы олардың санын 60 адамға көбейтуді жоспарлап отырмыз. Арнайы дайындықтан тағы бес жаттықтырушы өтеді.

Сондай-ақ, жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы бойынша адаптивті тхэквондо (есту қабілеті бұзылған балалар үшін) және шахмат (ТҚАБ) секцияларында 79 бала айналысады.

Мүгедектер спорты бойынша облыстық мектепте 222 бала жаттығады, сал ауруы бар 40 бала футболмен айналысады. "Саламатты болашақ" әлеуметтік жобасы бойынша спортпен шұғылдануға тағы 92 бала, Special Olympics Kazakhstan қозғалысына психикалық дамуы тежелген 944 жас спортшы тартылды.

Фото Еркебұлан Хадылбектен және Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мұрағатынан