Жас қарағандылықтар халықаралық музыкалық байқауда жүлделі орындарға ие болды

Жас қарағандылықтар халықаралық музыкалық байқауда жүлделі орындарға ие болды

Қарағанды мамандандырылған музыка мектебінің оқушылары XVIII Халықаралық Аstana-Merey байқауында үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылар арасында үш екінші, алты үшінші орын алып, он екі дипломмен марапатталды.

Музыкалық жарыста Қазақстанның, Ресейдің және Өзбекстанның түрлі өңірлерінен келген 247 жас таланттар өз шеберліктерін көрсетті.

– Біздің мектептен 30 оқушы қатысты. Байқау орындаушылық жағынан күрделі өтті. Ресей мен Өзбекстаннан мықты бәсекелестер болды. Олар керемет аспаптарда ойнады – жапондық Мурамацу флейталары, бұл да маңызды.

Ал біздің балалар кәдімгі қытай флейталарында ойнады. Бірақ соған қарамастан, олар лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Байқау нәтижелері бізді қатты қуантты. Бізде үш екінші, алты үшінші орын және он екі диплом бар. Енді бізге жаңа барабан қондырғысын сатып алуға уәде берілуде, – деді МММИ үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінің меңгерушісі, флейта сыныбы бойынша оқытушы Жанат Оспанова.

Байқаудың мақсаты – талантты балалар мен жарқын педагогикалық жұмыстарды анықтау және қолдау, түрлі музыкалық білім беру мекемелері оқытушыларының шығармашылық тәжірибе алмасу мүмкіндігі, Халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту және кәсіптік оқыту деңгейін арттыру.