Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа аңдар және құстармен толықты

Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа аңдар және құстармен толықты

Бұташындар, иірмүйізді ешкілер, көк қошқарлар, ойынпаздар, қара тұмсықты шоттұмсықтар, қара аққулар, ақ тауыс – Қарағанды зоологиялық саябағында жаңа тұрғындар пайда болды. Балықтар коллекциясы да жаңартылды, 500-ден астам сирек шабақтар жаңа аквариумдарға шығарылды.

Осы күзде Қарағанды хайуанаттар бағы көптеген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлардың үйіне айналды.

Армян тәлімбағынан бірнеше бұташындар мен қара тұмсықты тукандар сатып алынды.

Секіргіш бұташындардың сирақтары ұзын және мысық тұқымдылар арасында құлақтары ең үлкен болып табылады. Тұмсығындағы екі қара жолақтың арқасында мысық әрқашан мұңды болып көрінеді. Бұрын жергілікті хайуанаттар бағының коллекциясында мұндай жануарлар болмаған.

Қара тұмсықты тукан – Оңтүстік Америкадағы ең танымал құстардың бірі. Оның ең жақын туыстары – тоқылдақтар. Осыған байланысты құстың екінші атауы – тропикалық тоқылдақ.

Р. Шило атындағы Новосібір хайуанаттар бағынан екі ойынпаз, көк қошқар және иірмүйізді ешкі сатып алынды. 

Көк қошқарлар Гималай мен Тибетте жиі кездеседі. Қыста олар мыңнан астам бастан құралған табынға жиналуы мүмкін.

Ал иірмүйізді ешкі халықаралық табиғатты қорғау және табиғи ресурстар одағының Қызыл кітабына енгізілген. Бұл жануарлардың негізгі саны Тәжікстандағы шағын учаскеде ғана сақталған.

Қарағанды хайуанаттар бағында осығар дейін де ойынпаздар болған. Бұл тиін секілді кішкентай маймылдар. Өкінішке орай, олар қазір кәрі болғандықтан, ұрпақ бере алмайды. Сондықтан жаңа жануарларды сатып алу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, жергілікті хайуанаттар бағы Новосібір хайуанаттар бағында тұратын қара және ақ тауысқа өз ақ аққуларын айырбастады.

Өз кезегінде Қарағандыдан Шымкент хайуанаттар бағына Алтай маралдары мен пумалар барды.

Аквариум балықтарын жақсы көретіндерді де жағымды тосын сый күтеді. Есімін жариялағысы келмеген кәсіпкер Қарағанды хайуанаттар бағына аквариумдар мен әртүрлі 500 балық сыйлады.

Бұл дискус, трофеус бемба, фест цихлазомалары, гурами, жайын және скаляриялар, моллинезиялар, барбустар. Жақында жаңа коллекция келушілер назарына ұсынылады.

– Хайуанаттар бағы тірі организм секілді, және де ол өсіп, дамуы керек. Біз жануарларды басқа хайуанаттар бағымен алмасуды жалғастырғымыз келеді, сирек жануарларды сатып алғымыз келеді, сыңары жоқтарына жұп сатып алғымыз келеді. Қарағандылықтардың бізге бүкіл отбасымен қуана келгенін қалаймыз, – дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова.

Биылғы жылы жануарларды ұстау жағдайларының жақсаруына байланысты Қарағанды хайуанаттар бағы Еуразиялық аймақтық хайуанаттар мен аквариумдар қауымдастығының (ЕАРАЗА) толық мүшесі болды. Осы уақытқа дейін ол 10 жылға жуық мүшелікке үміткер болғантын. Қауымдастық құрамында Қарағанды хайуанаттар бағының жануарлармен, сондай-ақ бүкіл әлемдегі хайуанаттар бағының мамандарымен тегін тәжірибе алмасу мүмкіндігі бар. Бүгінде ЕАРАЗА-да 18 мемлекеттен 84 мекеме бар.

Айта кетейік, Қарағанды хайуанаттар бағы 1938 жылы жылжымалы зоологиялық көрме негізінде құрылды. Бүгінде оның коллекциясында жануарлардың 185 түрі бар, оның 91-і Қызыл кітапқа енген. Жалпы, хайуанаттар бағында бір жарым мыңнан астам жануарлар бар. Тәлімбақта 60 адам жұмыс істейді.