Ақтаста жаңа балабақша ашылды Қайта оралу

Ақтаста жаңа балабақша ашылды Қайта оралу

Қарағанды облысының Ақтас кентінде мектепке дейінгі білім беру қолжетімді болады.

Мұнда мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 150 орындық жеке балабақша ашылды.

Қазақ және орыс тілдерінде оқыту мен тәрбиелеудің алты тобы ұйымдастырылды.

Балабақша заманауи жабдықтармен қамтылған. Медициналық блок бар. Балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау жүйесі және дабыл түймесі орнатылған.

Жекеменшік мектепке дейінгі мекеме 45 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Қазірдің өзінде 20 педагог пен медицина қызметкері қабылданды.