Теміртау тұрғыны кәсіпкерлік негіздерін оқып, өз арманын жүзеге асырды

Теміртау тұрғыны кәсіпкерлік негіздерін оқып, өз арманын жүзеге асырды

Теміртау тұрғыны Диана Байділдинова "Бастау Бизнес" жобасы бойынша білім және тегін грант алып, йога студиясын ашты. Қазір оның кәсібі өрге дөңгелеп, оны одан әрі дамытуды көздеп отыр.

– Студия ашылғанға дейін мен екі жыл йогамен айналыстым, шетелдік компанияда жоба менеджері болып жұмыс істедім, оған дейін банкте 11 жыл жұмыс істегем. Мен әрдайым өз ісімді ашу туралы ойлап жүрген едім, бірақ кеңседегі жұмысымнан қолым босамады. Мен тұрақтылық болғанын қаладым. Бірақ өткен жылы ол жұмыстан шығып кеттім. "Атамекен" ӨКП-да "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқудан өтіп, 583 мың теңгеге грант алдым. Содан кейін өз жобамды жүзеге асыра алдым. Бүгін менің студиям сәтті жұмыс істеп жатыр, – деді Диана.

Қазіргі уақытта студияға айына 200-ге жуық адам келеді.

– Оқушылардың жасы әр түрлі: ең кішісі – 15 жаста, ал үлкені – 72 жаста. Бірақ көбінесе 30–40 жастағылар келеді, – дейді Диана. – Ер адамдар да бар, бірақ олар аз. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, өз ісімді дамытуды жоспарлап отырмын.

Бойжеткен өз студиясында екі йога нұсқаушысын жұмыспен қамтамасыз етті.