Мемлекеттік қолдау Балқаш қаласындағы жас жігітке өз ісін ашуға мүмкіндік берді

Мемлекеттік қолдау Балқаш қаласындағы жас жігітке өз ісін ашуға мүмкіндік берді

Балқаштық жас кәсіпкер Балабек Қобжанов облыс және қала әкімдерінің гранттарын алып, өз ісін ашты. Бір жыл ішінде ол тұрақты клиенттерін жинап, қазір өндірісін кеңейту туралы ойлануда.

22 жастағы Балабек мамандығы бойынша хореограф, бірақ өзін мүлдем басқа салада байқап көру туралы шешім қабылдаған. Ол "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқудан өткен.

– Менің қызметім – жартылай фабрикаттар өндірісі. Мен өз ісімді өткен жылдың тамыз айында бастадым. Балқаш қаласы әкімінің грантын – 500 мың теңге, ал біраз уақыттан кейін Қарағанды облысы әкімінің миллион теңгеге грантын алдым. Осы қаражатқа қажетті жабдықты сатып алдым: тұшпара аппараты, мұздатқыштар, тоңазытқыштар, үй-жайды жалға алдым. Жұмыспен қамту орталығынан жіберілген бір адамды жұмыспен қамтамасыз етемін, – деді кәсіпкер.

"Неліктен жартылай фабрикаттар?" деген сұраққа ол қазір адамдардың көбіне қолы бос болмайтынын және тамақ дайындауға уақыттары жетіспейтінін айтып, сол себепті оның өнімдері әрдайым сұранысқа ие болатынын айтады.

– Біздің қалада тұрғындардың басым бөлігі өндірісте жұмыс істейді. Олардың, менің ойымша, толық түскі немесе кешкі ас дайындауға әрқашан уақыты жете бермейді. Бізде бәрі табиғи, етті де өзіміз тартамыз. Бізде әрқашан тұшпара, фрикаделькалар, манты, голубцы, котлеттер, қамыр, лағман қамыры және т. б. бар. Менің ата-анам үнемі ыстық тамақпен айналысатын, – дейді Балабек.

Бәсекелестер көп, бірақ өнімге сұраныс бар және ол өсуде. Кәсіпкердің бизнесті кеңейту және тағы бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспары бар.

– Балқаш бойынша мен өз өнімдерімді 14 дүкенге ұсынамын. Үйге тапсырыс бар. Айына орта есеппен 100–150 кг тұшпара сатамыз. Биыл бизнесті кеңейткім келеді. Мен жабдық сатып аламын. Өнімге сұраныс бар. Біз өзімізді таныттық, – деп атап өтті кәсіпкер. – Сондай-ақ, кем дегенде тағы үш адамды жалдағым келеді. Болашақта облыс нарығына да шыққым келеді. Біз сондай-ақ қайырымдылықпен айналысамыз. Енді мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар бар екенін білемін.