Қарағандылық суретші Алматыда отандастарының портреттер галереясын ұсынады

Қарағандылық суретші Алматыда отандастарының портреттер галереясын ұсынады

Қарағандылық суретші Таңсық Мәжитова 20 жылдан астам уақыт бойы "Адам. Дәуір. Уақыт" жобасын жүзеге асырып келеді. Осы жылдар аралығында ол белгілі Қазақстандықтардың елуден астам портретін салған.

Бұл жұмыстар Алматыда ұсынылады. Таңсық Мәжитованың жеке көрмесінің ашылуы 11 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында өтеді.

"Бұл жоба идеясының авторы – өнертанушы Наталья Иванина, ол Таңсықтың психологиялық портреттің шебері ретіндегі талантын көріп, замандас бейнесінің әдемі галереясын жасауға итермелеген. Жобаның тұрақты кураторы – жазушы, полиграфист Әлібек Асқаров, - деп атап өтті көрмені ұйымдастырушылар. – Психологиялық портрет бейнелеу өнері жанры ретінде өте күрделі және әр адамның қолынан келе бермейді. Қылқалам мен сызықтардың көмегімен Тансық әлемге эстетика, философия, кейіпкердің ойларын ашады".

Галереяға атақты отандастар – Асанәлі Әшімов, Фариза Оңғарсынова, Герольд Бельгер, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай және тағы басқалардың портреттері кірді.

Осы жоба аясында елордада екі рет – 2011 және 2021 жылдары көрмелер өткізілді.

ҚР Ұлттық кітапханасында "Адам. Дәуір. Уақыт" көрмесі 11–29 қараша аралығында өтеді.