Қарағандылықтарға өздерін интернеттегі алаяқтардан қалай қорғау керектігі айтылды

Қарағандылықтарға өздерін интернеттегі алаяқтардан қалай қорғау керектігі айтылды

Күн сайын Қарағандыда 5-тен 10-ға дейін интернет-алаяқтық фактілері тіркеледі. Облыс орталығының полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырады.

Құқық қорғау органдары жағдайды түзету үшін не істеп жатқаны және интернет-қылмыскерлердің қулықтарына қалай бой алдырмауға болатыны туралы Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин Өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте айтып берді.

– 10 айдың қорытындысы бойынша Қарағандыда өткен жылдың ұқсас кезеңінде 996 интернет-алаяқтық тіркелген, алағымдағы жылы 850 факті тіркелді. Көрсеткіш аздап төмендегенін байқап отырмыз – 14,6 %. Дегенмен, әлі де атқарылатын жұмыстар бар. 200-ге жуық қылмыстық іс сотқа жіберілді, – дейді Шахназар Салин.

Алдын алу шараларына басты назар аударылды. Олардың қатарында учаскелік тұрғындармен кездесулер, бейнероликтер жасау, парақшалар тарату, ХҚКО-ларда, ірі сауда үйлерінде, банктерде ескерту сипатындағы жадынамалар жапсыру көзделген.

Басқарма басшысы интернет-қылмыстардың негізгі әдістеріне, сондай-ақ олардың алдын алу тәсілдеріне тоқталды.

Олардың негізгілері – күдікті сатушыларға сенбеу керектігі, жеке деректерді және банк картасының деректерін толтыруды сұрайтын сілтемелерге өтпеу.

Бейтаныс адамдардың өтініші бойынша ватсап арқылы құжаттарыңыздың фотосуреттерін ешқашан жібермеңіз және телефонға бағдарламалар орнатпаңыз.

Егер банктен картаны бұғаттау немесе қолма-қол ақшамен күдікті операциялар туралы қоңырау келсе, телефонды тастап, банкке сенім телефонына қоңырау шалыңыз.