Қарағандылық өрт сөндіруші гір спорты бойынша әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Қарағандылық өрт сөндіруші гір спорты бойынша әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Қарағандылық өрт сөндіруші Александр Комаров кәсіпқойлар арасында гір спорты бойынша Әлем Кубогының төртінші кезеңінің жеңімпазы атанып, әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Мықтылардың біріншілігі Үндістанда өтуде. Жарысқа әлемнің 17 елінен 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Қазақстан ұлттық құрамасының құрамына Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері – №11 өрт сөндіру бөлімінің инженері Александр Комаров кірді. Қиын күресте ол 78 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды және кәсіпқойлар арасында гір спорты бойынша Әлем Кубогының төртінші кезеңінің жеңімпазы болды. Спортшы «ұзақ цикл бойынша итеру» бойынша 32 кг салмақтан 75 көтерудің жеке рекордын орнатты.

Александр Комаров – гір спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, студенттер арасында әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасында әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша