Қарағандылық оқушылар республикалық астрономиялық турнирдің күміс жүлдегерлері атанды

Қарағандылық оқушылар республикалық астрономиялық турнирдің күміс жүлдегерлері атанды

Қарағанды облысының командасы Мейірхан Әбділдин атындағы оқушылар арасында республикалық астротурнирде екінші орын алды. «Адам, Жер, Ғалам» зияткерлік жарысы Алматыдағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының обсерваториясының базасында өтті.

Астротурнир – бұл жоғары сынып оқушыларының күрделі зерттеу және ғылыми мәселелерді талқылау, сондай-ақ өз шешімдерін сенімді түрде ұсыну және оларды астробой деп аталатын ғылыми пікірталастарда қорғау қабілетіндегі жеке-командалық сайысы.

Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 17 команда қатысты. Білім қазақ тілінде де, орыс тілінде де көрсетілді.

Қарағанды облысының намысын «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-шы және 10-сынып оқушылары Алина Даужанова, Ырысты Наурызбай, Ерсұлтан Төлеухан, Гүлназ Зайкен, Нұрасыл Төлеубаев қорғады. Команданы физика пәнінің мұғалімі Саян Бұлкенов басқарды.

– Астротурнир 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Біздің мектеп бұл жарысқа алғаш рет қатысты. Қазақ тіліндегі командалық есепте екінші орын – жақсы нәтиже. Қарсыластар мықты болды. Гран-приді Шымкенттен келген балалар жеңіп алса, Алматылық НЗМ командасы бірінші орынға ие болды, Маңғыстаудан келген оқушылар үздік үштікті түйіндеді, – деді Саян Бүлкенов.

Астротурнир аяқталғаннан кейін оқушыларға Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды.