Қарағандылық оқушылар Республикалық "Көңілді ойындарда" үшінші орынға ие болды

Қарағандылық оқушылар Республикалық "Көңілді ойындарда" үшінші орынға ие болды

Астанада алғаш рет 3–4 сынып оқушылары арасында "Көңілді ойындар" республикалық жарысы өтті. Қарағандылықтар үшінші орынға ие болды.

Көңілді жарыстарға" Астана, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды және Алматыдан сегіз команда қатысты. Қарағанды облысының атынан Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

– Бұл жарыстар алғаш рет өткізілді. Біз екі команда алып бардық. Үшінші сыныптар арасында үшінші, төртінші сыныптар арасында бесінші орын алдық. Менің ойымша, бұл жаман емес, – дейді Нұркен Әбдіров атындағы ЖББМ директорының эксперимент жөніндегі орынбасары және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ерлан Рақымжанов. – Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Татьяна Бутузова командаларды дайындауға көмектесті.

Жарысты ұйымдастырушы – білім министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы.