Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында жаңа басшы

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында жаңа басшы

Қарағанды облысының жастар саясаты жөніндегі мәселелері басқармасының басшысы болып Рауан Таран тағайындалды. Оның барлық еңбек қызметі жастар саясаты саласымен байланысты.

2013 жылы Рауан Таран Қарағанды облысының жастар бастамалары орталығында Жастар бастамаларын үйлестіру және қолдау бөлімінің инспекторы болып жұмысқа қабылданды.

Содан кейін Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығында ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімінің меңгерушісі болды.

2016 жылы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына ауысты. Балалар және жастар үкіметтік емес ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы болып жұмыс істеді, кейін оның басшысы болды.

2021 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Жастар мәселелері жөніндегі басқармасында жастар жобалары мен бағдарламалары бөлімін басқарды.