Қарағандылықтарды симфониялық оркестрдің концертіне шақырады

Қарағандылықтарды симфониялық оркестрдің концертіне шақырады

29 қазанда "Шалқыма" концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Басталуы 17:00.

Бағдарламада – "Сатылған қалыңдық" (Бедржих Сметана) операсынан комедиянттар биі; скрипкаға оркестрмен бірге ойнауға арналған № 2 ре минор концерті, оп. 14 (Генрик Венявский); "Жаңа әлемнен" № 9 ми минор симфониясы, оп. 95 (Антонин Дворжак).

Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Томаш Круль, Лодзь қаласындағы (Польша) Гражина және Кейстута Бацевич музыкалық академиясының профессоры, скрипкада ойнаудан сабақ береді. Збигнев Сигначевскиймен (аккордеон) және Павел Стемпникпен (гитара) бірге аккордеон триосын құрды, ол осы күнге дейін концерт береді. Осы триомен Польша, Германия және Марокконы аралады.

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Мирас Нұржанов.                                             

Жүргізуші – Людмила Гольская.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.